- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 25 Сәуір, 2024
Сенат төрағасы еліміздегі дәрі-дәрмек өндіру саласындағы көрсеткіштерді сынға алды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі дәрі-дәрмек өндіру саласындағы көрсеткіштерді сынға алды.
«Ресми статистикаға сәйкес, отандық өндірушілердің біздің дәрі-дәрмек нарығындағы үлесі қазір 10% құрады. Яғни, кем дегенде талап етілген 30 пайызға жету үшін бізге әлі де көп жұмыс атқару керек. Дегенмен, біз бұл саладағы көрсеткіштер төмендеп жатқанын көріп отырмыз», - деді М. Әшімбаев.
Сенат төрағасы былтыр негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру 2022 жылға қарағанда 10 пайызға азайғанын айтты.
«Сонымен қатар, елімізде өндірілген дәрі-дәрмектің экспорты былтыр 28,5 пайызға азайып, дәрі-дәрмек импорты 3,5 пайызға өскен. Яғни, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің ұлғаюын емес, керісінше азаюы үрдісін көріп отырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев.
158 рет
көрсетілді0
пікір