Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Мамыр, 2020

Құпияға толы - Ақыртас

[caption id="attachment_100347" align="alignnone" width="1498"] Ақыртас кешені Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Египет пирамидалары, Афина "Акропольдары", Рим "Колизейі", Перудегі "Майя" мәдениетінің тылсым мұралары. Бұл тізімді біздің Ақыртас кешені де жалғауы керек. Өйткені оның құрылысы туралы деректер әлі күнге дейін құпияға толы. Кім не үшін салды? Неліктен құрылысы аяқталмай қалды? Тарихшылар не дейді? Ақыртас — Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. [caption id="attachment_100352" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында (оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған. [caption id="attachment_100351" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас. [caption id="attachment_100349" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касирбас осы Ақыртас болуы мүмкін. [caption id="attachment_100348" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100353" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100354" align="alignnone" width="1498"] Ақыртас маңайындағы таңғы тұман Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption]

Суреттерді түсірген - Досжан Балабекұлы

Дереккөз: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

3441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз