Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Мамыр, 2020

Берікқара шатқалы

[caption id="attachment_100587" align="alignnone" width="1310"] Беріқара өзені, Берікқара шатқалы. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Тарихы терең Жамбыл жері де ерекше табиғатымен есте қалады. Қырғыз жотасы, Талас Алатауы, қарт Қаратау жотасы, Мойынқұм. Тау да, шөл де, дала да жатыр тамсандырып. Ең бастысы біз осы сұлулықты түсіне алып жүрміз бе? Жамбылдағы көрікті мекендерді неге біле бермейміз? Бүгін назарларыңызға Берікқара шатқалының бірегей табиғатымен таныстыруды жөн санап отырмыз. Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша. 1986 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында құрылған. Аумағы 17,5 мың гектар. Берікқара шатқалы Қаратаудың Билікөл маңындағы өсімдіктер мен жануарлардың реликт және эндемик түрлері көп кездесетін өңірде орналасқан. [caption id="attachment_100594" align="alignnone" width="1984"] Берікқара шатқалы, Қаратау жотасы. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Қорықшада сирек кездесетін Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, Согдиана шағаны сынды өсімдіктер өседі. Мұнда әсіресе, Берікқара терегіне ерекше мән берілген. Өйткені, қазір бұл терек тек Қазақстанда ғана сақталып қалған. Реликт түр болғандықтан Берікқара терегіне Канада ботаниктері үлкен көңіл бөлуде. Олар 4 жыл сайын келіп, теректің өсу ерекшелігін зерттеп отырады. Өсімдіктің 51 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. [caption id="attachment_100592" align="alignnone" width="1984"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100593" align="alignnone" width="1984"] Грейг жауқазыны. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100588" align="alignnone" width="1929"] Берікқара шатқалының мемлекеттік табиғи қаумалы екенін білдіретін бір ғана тақтайша осы. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] Берікқараның тағы бір ерекшелігі, мұнда Грейг, Кауфман жауқазындары өседі. Жануарлар әлемінен: қаратау арқары, үнді дикообразы, қабан, қосаяқ, қоян, сұр құр, қырғауыл, қасқыр, түлкі, жұмақ шыбын аулағышы және басқалары. Сонымен бірге оның қүрамына 5 табиғат шатқалы енеді: Саясу, Жұрынсай, Берікқара, Шымырбайсай, Ақсақалсай. [caption id="attachment_100590" align="alignnone" width="1984"] Грей жауқазыны мен қазтамақ гүлдері. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100596" align="alignnone" width="1310"] Қаратау жотасы. Сайда Берікқара шатқалы. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100591" align="alignnone" width="1984"] Грейг жауқазыны Берікқарада жиі кездеседі. Бірақ мұнда саяхаттап келушілер, гүлдердің өсу ерекшелігіне кедергі жасауда. Сондықтан қаумалда турситердің тәртібіне қатаң қарау керек. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100589" align="alignnone" width="1984"] Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption] [caption id="attachment_100595" align="alignnone" width="1984"] Қаратау жотасы. Төменде Берікқара шатқалы орналасқан. Фото: Досжан Балабекұлы/kazgazeta.kz[/caption]  

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Берікқара шатқалы, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы

5189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз