Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Сәуір, 2024

Жаңасемей ауданының егістік алқабы 14 700 гектарды құрайды

Жаңасемей ауданының егістік алқабы 14 700 гектарды құрайды, - деп хабарлайды Абай облысының баспасөз қызметі.
Дала жұмыстарына 51 шаруашылық  субъекті қатысады. Сонымен қатар жеке аулаларда ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Аталған алқапта 1 567 га дәнді дақыл, 1 049  га картоп, 471 га көкөніс және бақша, 5 142 га майлы дақыл өсіріледі.
2024 жылы өңірдің шаруашылықтары сапалы тұқыммен қамтамасыз етілмек. 1 567 га алқапқа дәнді дақыл егу үшін 176 тонна тұқымды шаруашылықтар субсидияланған өз қаражаты есебінен сатып алуда. Сонымен қатар 85 тонна күнбағыстың, 13 тонна бір жылдық және 12,6 тонна  көпжылдық шөптердің тұқымы сатып алынады. Бүгінде субсидия алу үшін қажетті құжаттар әзірленуде.
Осы мақсатта 1-2 классты және ІІІ репродукциядан төмен емес тұқымдар пайдаланылады. Тұқымның сапасы мен себуге жарамдылығын анықтау мақсатында, кестеге сәйкес сәуір айында «Қазагроэкс» АҚ зертханасына 280 тұқымдық сынама тексеріске жіберілді. Өңірдің ауыл шаруашылық құрылымдары субсидияланатын 1 005 тонна минералдық тыңайтқышқа өтінім берген,  бұл 2023 жылмен салыстырғанда 57% артық.
Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстарына қажетті техникалар соңғы дайындықтарын жүргізуде. Өңірде техника жеткілікті, оның ішінде тракторлардың барлық түрі бар. Соның 624-і дөңгелекті, 62-і шынжыртабанды. Одан бөлек 71 соқа, 56 культиватор, 36 тұқым сепкіш және 239 жүк көлігі бар.

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз