Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Мамыр, 2020

Жаңа заң: Сарапшылар пікірі

Мәжіліс депутаттары митинг туралы заң жобасын осымен екінші мәрте бекітті.   Қанат Мусин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: -Заң жобасының жекелеген нормаларының құрылымын жетілдіру мақсатында түзетулер енгізілді. Комитет Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасына парламент сенаты енгізген өзгерістер және толықтырулармен келісуді ұсынады.   Әсел Назарбетова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы: -Либераланданған заң жобасы деп айтуға болады. Яғни, халықаралық осындай заңнамалармен салыстаратын болсақ, сол жердегі нормаларда осы қазақстандық заң жобасында айқын көрініс тауып отыр. Бұл жерде осыған дейін барлық жерде айтылған сын-пікірлер ескерілген.     Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы: -Жаңа заңның қоғам, халық тарапынан талқылануы, заңның сапасын арқырай жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл жақсы үрдіс.  Демек, бұл елдегі заңды дайындау үрдісіне халықты, азаматтық белсенділікті тартуға әкеледі.

882 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз