Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 12 Маусым, 2020

Асхат Шыналиев, видеограф: Қымбат телефон әдемі видео түсіре алатыныңызға кепілдік бермейді

Көңілің қалаған көріністі таспалау үшін қазіркамера, штатив арқалап жүрудің қажеті жоқ.Себебі мобилография одан әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Қолыңыздағы телефонныңкамерасымен неше түрлікреатив видео түсіре аласыз, тек фантазияңызға ерік берсеңіз болды. Бұл сөзімізге талантты жас видеограф Асхат Шыналиев дәлел бола алады. Ол біздің оқырманымызға  жаңа мамандық жайлы кеңірек айтып берді. – Естуімізше, бұрын бухгалтер болған екенсіз. Бұл салаға қалай келдіңіз? – Иә, мобилографияға бірден келген жоқпын. Соңғы он жылда бухгалтер болып жұмыс  істедім. Видео түсіру қабілетім барекенін бұрыннан білетінмін. Туысқандар арасында жиынтой болғанда үнемі фотоға, видеоға түсіріп жүретін едім. Бірақ нағыз жұмысымды  бір жыл бұрын бастадым. Shonbay Online ұжымымен бірге футбол ойнағанбыз. Сонда әдемі видео түсіріп, кейін оны ұжым басшылары ұнатып, маған жұмыс ұсынды. Артынша қыркүйек айында сол ұжымның видео маманы болып жұмысқа тұрдым. Телефонға видео түсіріп, оны телефонмен өңдеймін. Әртүрлі курс оқып, өзімді дамыта жүріп күнде Инстаграмға видео сала бастадым. Сөйтіп біртебірте жазылушылар саны өсіп, көпшілікке видеограф ретінде танылдым. – Мобилографияны жақсы табыс көзі деуге бола ма? Құпия болмаса, бір видеоңыздың бағасы қанша? – Қазақстан нарығына мобилография саласы былтыр ғана кірді. Бұл ең қарапайым  деген смартфонның сіз білмейтін барлық мүмкіндігін пайдалануды үйретеді. Мен де бұл салаға дәл уақытында келдім деп ойлаймын. Он жыл істеген бухгалтерлікті қойғаннан кейін мобилография негізгі табыс көзіме айналды. Бір видеоны, яғни он бес секундтық сататын немесе анимациялық видеоны кемі 50 мың теңгеге түсіремін. Видеоның күрделілігіне қарай бағасы да қымбаттайды. Кәсіби камерамен бір минуттық видео үшін кейде бір апта жүруіңе тура келеді. Ал телефонмен видео түсірудің бір ерекшелігі – уақыттан ұтылмайсың, жылдам әрі ыңғайлы. Тұтынушының тапсырысын орындап, көзінше монтаждап, аз уақытта дайын дап бересің. Тіпті бір күнде екі-үш тапсырыс алуға болады. Бұрын бухгалтер боп жүргенде айлық табысым 500 мың теңгеге жуық болатын. Қалай мобилографияға ауыстым, табы- сым солай үш есе артты. – Сәтті жарнама (видео) қандай болуы керек? – Кез келген жарнама арнайы бөліктерден тұрады. Мысалы, SMM мамандары пост жазғанда әуелі оқырманның назарын аударады, қызықтырады, проблемасын айтады, содан кейін ғана өнімді ұсынады. Бұл ереже видеода да қолданылады. Видеоның алғашқы үш секундында көрерменнің назарын аудару керек. Одан кейін оны қызықтырып, проблемасын айтып, соңында іс-әрекетке шақырасыз. Сататын жарнамалық видео осы негізде жасалады. – Әдемі видео түсіру үшін телефоннан басқа адамға ең бірінші не керек? Сізді не шабыттандырады? – Телефон жай ғана құрал. Сіздің қолыңызда соңғы үлгідегі қымбат телефон болуы мүмкін, бірақ ол сіздің әдемі видео түсіре алатыныңызға кепілдік бермейді. Камераға да, телефон маркасына да байланысты емес. Ең бірінші түзу ниет керек деп  ойлаймын.  Дінімізде де«амалдар ниетке байланысты» деп айтылған екен. Ақша табу емес, әуелі пайдалы әрі сапалы өнім жасау керек деген ой болғаны дұрыс. Осы видео арқылы өзімнің ішкі дауысымды білдіргім келеді деген ізгі ниет болса, ол көрген адамның көңілінен шығып, жүрегіне жол табады. Әртүрлі кино, сериалдарды жиі көремін. Мені солар шабыттандырады. Инстаграмнан, YouTube-тан мағынасыз видеоларды емес, пайдалы, шабыт сыйлайтын видеоларды көбірек көрсеңіз, таным көкжиегіңіз кеңейіп, талғамыңыз жақсарады. Көп нәрсеге басқаша қарай бастайсыз. – Сіз үшін шығармашылықта басты назарда ұстайтын құндылық не? – Мобилография саласында басты құндылық ақша емес. Ең әуелі адам өз-өзімен болуды үйренуі керек. Ақшаға құнықпаған абзал. Кез келген бизнесте бастапқы ниет  ақша табу болса, ол ұзаққа бармайды. Мен үшін шығармашылықтағы ең басты құндылық – сапа. Басында айналамдағыларға тегін түсіріп беріп жүрдім. Ондағы мақсатым өзімнің сапалы әрі креатив видео түсіре алатынымды сендіру болды. Сапаға қатты мән беремін. Кез келген істі сапалы жасағанда ғана оның құндылығы артады. Сапалы жасалған видео адамның қызығушылығын оятады, шабыт сыйлайды. Әрине, сапамен бірге видеоның тәрбиелік мәніне де назар аударған жөн. Осыны басты назарда ұстағаннан кейін табыс та артады, тұтынушы да көбейеді, аудиторияңыз да сенім артады. – Әңгімеңізге рақмет! Жазып алған Жандарбек Болатбекұлы «Ақ желкен» журналы, №5

310 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Головкиннің жойқын соққыларының видеосы жарияланды
Келесі мақала ҰБТ-да талапкерлерді тексерістен өткізуге қатысты видео жариялады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *