Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Маусым, 2020

ҰБТ-да талапкерлерді тексерістен өткізуге қатысты видео жариялады

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы ҰБТ кезінде талапкерлерді тексерістен өткізуге қатысты видео жариялады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде күшейтілген санитарлық шаралар қолға алынады. Атап айтқанда, барлық талапкер дезинфекциялық түнелден өтеді, одан кейін аяқ киім мен қолды дезинфекциялау қажет. Әрбір тестілеу пунктінде дәрігерлер тест тапсыратын жастардың дене қызуын өлшейді.

 

Температура анықталса, жедел жәрдем шақырылады. Барлық тексерістен кейін респиратор немесе бір реттік бетперде беріледі.

Талапкер ұялы телефонды тапсырып, металл іздегіштен өтеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, тыйым салынған заттар анықталса, талапкер тест тапсыруға жіберілмейді. Ал ҰБТ-дан кейін барлық бейнежазба зерделенеді. Сол кезде тыйым салынған заттарды қолдану әрекеттері анықталса, тесттің нәтижесі жойылады. Грантты да алып қояды.

  • Айта кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Биыл тесттің уақыты 10 минутқа ұзартылды. Әрбір аудиторияда калькулятор болады.
  • Ал талапкерлердің арасында коронавирус жұқтырғандар анықталса, ондай адамдар бөлек аудиторияда тест тапсырады.

1459 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстан теңіз порты арқылы 2,6 млн тонна жүк тасымалданды
Келесі мақала CAMCA аймақтық форумы өз жұмысын онлайн режимінде бастады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *