Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Маусым, 2020

Елордалық полиция COVID-19 таралуына жол бермеу үшін патрульді күшейтті

Құқық қорғау органдары азаматтардан өздерінің заңды талаптарын орындауды және инфекцияның алдын алуға көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Елордалық полиция қызметкерлері қала тұрғындарының карантин режимін сақтау бойынша түсіндірме жүргізуді жалғастыруда: көшелер үнемі патрульденіп, дауыс күшейткіштер арқылы тәртіп сақшылары қосымша шектеу шаралары енгізілгені туралы хабарлауда. Хабарланғандай, 20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды, дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерін қоспағанда, қоғамдық көліктер мен барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін). Барлық қоғамдық орындар жабық: саябақтар, алаңдар, жағажайлар, жағалаулар және басқа да адам көп жиналатын орындар. Нұр Сұлтанда ауқымды дезинфекция жүріп жатыр. Жұмыс аясында адам көп жиналатын жерлерде дезинфекция жаяу да, арнайы көліктермен де жүргізіледі. Қалаға жақын орналасқан туристік аймақтар жабық. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне баруды, медициналық қызмет алуды қоспағанда, азаматтардың үйден шығуы шектелді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды шектеу шараларын сақтауға, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және инфекцияның алдын алуға көмектесуге шақырды. Құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалуда.

662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз