Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Шілде, 2020

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмысы аяқталды

Аталмыш нысан үш жылдан бері жабық тұрған. Күмбездің тарихи келбеті сақталған. Желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Келешекте бұл маңда туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпшілік ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойындағы археологиялық қазба жұмыстарына да куә. Сондай-ақ өңірдегі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындар да жаңғыртылуда. Ал Яссауи кесенесінде атқарылған жұмыстың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілді.  

397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз