Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 04 Тамыз, 2020

Алматыда полицияға оқ атылды

Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты. Қалалық ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық дау-жанжалдан соң өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан. Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына барды. Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген. Полиция қызметкері оқтан жалтарып үлгерді. 37 жастағы жігітті полицияның арнайы бөлім қызметшілері ұстады. Қолындағы қару өзінің атына тіркелген болып шықты. Белгілі болғандай, ол есірткі қабылдаған. Қазір күдікті Алмалы аудандық ПБ жеткізілді.

489 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз