Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2020

Сенатор педагогтармен білім саласындағы өзгерістерді талқылады   

Сенат депутаты Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр. Сапар аясында өңір басшыларымен және мәслихат депутаттарымен қоса, кәсіпкерлермен, қоғам белсенділерімен және білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Түрлі ведомство басшыларымен кездесуде Сенат депутаты өңірді одан әрі дамыту жоспарын талқыға салды. Сенатор өткен сессияда депутаттардың Мемлекет басшысының жаңғырту жоспарын іске асыруда елеулі жұмыстар атқарғанын атап өтті. Өзгерістер білім саласында да орын алды. Бақтыбай Шелпеков жаңа оқу жылында пандемияға байланысты қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз етіп, интернетке қолжетімділікті арттырудың маңызына тоқталды. Кездесуде мектептерді қаржыландыру, педагогтардың мәртебесін көтеру, мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі мәселелері сөз болды. Депутат Бақтыбай Шелпеков білім беру саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Сенатор балаларға қатысты қылмыстың алдын алу мәселесінің маңызына педагогтардың назарын аудартты. «Мектеп аумағында болсын, оқу мекемесінен тыс болсын, оқушылардың арасындағы кез келген жанжалдың алдын алу керек. Бұл мәселеге айрықша назар аудару қажет»- деді Бақтыбай Шелпеков. Сонымен қатар, сенатор өңірлікэнергетика саласының мамандарымен кездесіп, осы саланың мәселелері мен болашағын талқылады. Депутаттың Маңғыстау облысындағы сапары жалғасуда. Олардың барысында сенатор аудандарды аралап, өндіріс орындарына, медициналық мекемелерге барып, медициналық қызметкерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесетін болады.    

664 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз