Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Экономика
  • 06 Тамыз, 2020

Алматы 2021-2022 жылдарда толық газдандырылады

Алматы 2021-2022 жылдарда толық газдандырылады. «Былтыр 2020 жылы қала толық газдандырылады деп айтып жүрген болатынбыз. Қазір қалада түрлі жаңа үйлер салынып жатыр, күн санап ғимарат саны артып келеді. Енді газбен қамту 2021 жылы толық аяқталады. Инженерлік тұрғын үй құрылысына рәсімделген жерлер көп, алайда олар әлі салынып жатыр», - деді қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары Жетісу, Алатау, Медеу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында қызып жатыр. Осы аудандардағы көптеген үйлер кезінде Алматы облысына қарасты болған. «Қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Екі жылда барлық үйлерге орталық газбен қамту жүйесі тартылады», - деді ол. Сонымен қатар, алматылықтарға биылдан бастап газ кіргізуге пайызсыз несие беріледі. Құжаттар 10 тамыздан бастап қабылданады. inform.kz

245 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нидерланды қазақстандық сұйық отынға қызықты
Келесі мақала Өңдеу өнеркәсібі озық қарқынмен өсуде

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *