Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 08 Тамыз, 2020

Ұлттық халық санағы 2021 жылдың қазанына ауыстырылды

Қазақстанда ұлттық халық санағын өткізу мерзімі өзгерді, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді.
 "Алайда елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді", - делінген хабарламада.

1401 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз