Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Қыркүйек, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырған 171 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 459 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

 

210 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз