Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 04 Қыркүйек, 2020

БЖЗҚ сайтына шамадан тыс қолданушы кіруде

Enpf.kz электрондық мекенжайына бір уақытта шамадан тыс қолданушы кірген соң, сайтқа жүктеме түсті. Бұл туралы беткі интерфейстегі хабарламада жазылған.

 Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында алдағы жылы ел бойынша 700 мың азамат зейнетақы қорындағы салымының бір бөлігін ала алатынын, қаражат баспана сатып алуға немесе емделуге жұмсалатынын айтқан еді.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жылжымайтын мүлік сатып алуға көптеген шектеулер қойылмайтынын айтты. Бұл қаражатқа тұрғын үй немесе жер сатып алуға да болады. Тұрғын үйдің тек жаңасын ғана емес, сонымен қатар, бұрын пайдаланылғанын да сатып алуға мүмкіндік бар. Алайда, зейнетақы жинағы арқылы алынған үйді алдағы 5 жылда сатуға болмайды.

Осы мәлімдемелерден кейін жұрт жаппай БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіріп, жеке жинақтарын қарай бастаған.

baq.kz

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз