Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 21 Қыркүйек, 2020

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

Massaget.kz порталы "Абай жолы" видеосаммариінің бірінші томын аяқтады. Massaget TV YouTube арнасында қазір жеті тарау жарияланған, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

"Абай жолы" видеосаммариінде кітаптағы негізгі оқиғалар мен кейіпкерлер қамтылған. Жоба авторлары 400 бетке жуық шығарманы 12-15 минуттық видеоға ықшамдаған.

 Бірінші томда Абай адам, азамат ретінде қалыптасады. Ол әрбір сәтте әкесі Құнанбайдың, ағайыны мен өз ауылының мүддесінен әділет пен адамгершілікті жоғары қояды.

Алғашқы томның басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, ауылына оралады. Ал аяғында әділетсіздік пен қайшылыққа толы өз ауылынан өзі безіп, даладан қалаға түңіліп қашып бара жатқандай болады.

Еске салайық, жоба Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарыққа шықты.

Эпопеяның барлық 28 тарауы жыл соңына дейін Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.

Қазір арнада бірінші томдағы "Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Жолда","Шытырманда", "Бел-белесте", "Өрде", "Абай жолы" тараулары бар.

 

 

378 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Президенттің апталық жұмысына видеошолу
Келесі мақала Апалар тауда не істеп жүр?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Yjsduds

03 Қазан, 2020

<a href=" http://plaquenilcanada24.com/# ">hydroxychloroquine 1mg</a> buy plaquenil 100mg plaquenil 200 mg price uk - http://plaquenilcanada24.com/