Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қыркүйек, 2020

Ақтауда геологтар аллеясы ашылды

 Ақтау қаласының 57 жылдығына орай, еліміздің кен байлығын игеруге ат салысып жүрген геологтар қауымының құрметіне тұңғыш рет аллея ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагер геолог-барлаушылар, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Мұқанұлы Қуандықов және арнайы Теміртау қаласынан келген Ақтау кентінің әкімі Алтынбек Есмұрзаев бастаған делегация қатысты, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақтау кентінен келген делегация қаланың 57 жылдық мерейтойымен құттықтап, шаһар тұрғындарын мерекемен құттықтады.
"Нұрдәулет Игілікұлының шақыруымен арнайы келдік. Бүгін ерекше күн. Екі Ақтаудың әкімдері кездесті. Алдағы уақытта тығыз әріптестік қарым-қатынаста болмақпыз. Бүгін екі өңірдің арасында сауда және экономикалық қатынастарды орнату, білім, мәдениет, денсаулық саласында ортақ жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз. 
Ақтау қаласының мерейтойымен құттықтаймын! Бірлігіміз арта берсін",-деді Алтынбек Есмұрзаев.
Архитектуралық нысанда бұрғылау, мұнай алу қондырғысы, геологтардың атрибуты: балға мен табылған тас композициясы бейнеленді. Маңғыстауда ашылған кен-орындарының тізімі мен атақты геолог-барлаушылардың есімдері жазылды. Аллеяның авторы ардагер Бейсенбай Бисенғалиев, ал құрылысын салуға Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамы мен өңірлік филиалының қызметкерлері мұрындық болды. 
Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов өңірдегі кен орындарының ашылуына тікелей атсалысқан геологтардың еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы Серікбай Трұмовтың құттықтау хатын жетізді.
Шара соңында жиналғандар құрылысшылар аллеясының іргетасын қалау сәтіне куә болды. Алдағы уақытта бұл нысан да қала орталығындағы 14-шағынауданда орналасатын болады.
 

664 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз