Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

COVID-19: 8,2 млрд теңгеге дəрі-дəрмектің 44 түрі сатып алынады

Бгінгі күні қоймаларда 15 млн бетперде бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Медициналық маска өндіретін отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті. Сондай-ақ 8,2 млрд теңгеге коронавирус инфекциясына қарсы қажетті дәрі-дәрмектің 44 түрі сатып алынады. Бұл қор 1 ай бойы 6000 науқасты стационарда емдеуге жетеді дейді жауаптылар. Елді мекендерде медициналық қызмет көрсету үшін 100 жылжымалы медициналық пункт сатып алынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Барлық аймақта құны 13 млрд теңге болатын қосымша тұрақтандыру қорлары құрылған. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, коронавирусты үйден емдеу үшін 1 миллион адамға жыл соңына дейін тегін дәрі-дәрмек қарастырылған. Үкімет басшысы Асқар Мамин қауіпті індеттің өршіп кетпеуі үшін жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді. Медицина мекемелері мен дәріханаларда дәрі және жеке қорғаныш құралдарының тапшылығын болдырмауды тапсырды. Сондай-ақ өңірлерде дәрі-дәрмек бағасына бақылау жүргізу қажет екенін айтты.

                                             24.kz

236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз