Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 30 Қыркүйек, 2020

Жетістіктің құпиясы

Бірде жас жігіт Сократқа келіп: "О, ғұлама ұстаз, маған жетістіктің, табысты болудың құпиясын айтыңызшы,"-деп қолқа салады.
Сократ ұстаз ертең өзен жағасына кел дейді жас жігітке. Екеуі өзенге түсіп, су мойынға жететін тереңдікке дейін жетеді. Жігіт аң-таң. Сол кезде ұстаз жігітті тіпті таң қалдырып, оны басына дейін бататын тұсқа дейін жіберіп, иығынан басып ұстап тұрады. Жігіт тұншыға бастағанда судан шығарып, "Жаңа бата бастағанда ең бірінші не керек болды, нені қатты қаладың?"-деп сұрайды. "Тек ауа керек болды",-деп жауап береді жас жігіт.
"Ендеше тыбыстың құпиясы да осында. Жан-тəніңмен жаңа суға тұншыққанда тыныс алуды қалағаныңдай табысты болуды қалауың керек. Басқа ешқандай құпиясы жоқ"-дейді ғұлама.

Тəмсіл тағылымы: Көздеген мақсатыңа жетуді жан-тəніңмен қаламайынша, мақсатың құр арман күйінде қала береді. Суға батып бара жатқан жанға ауа қалай керек болса, табысты болуға деген құштарлық та солай керек.

851 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз