Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 30 Қыркүйек, 2020

Өмір

Жол жиегінде аяғы тобығынан жоқ бір кісі отыр. Жанынан өтіп жатқандардың кейбірі аяғы жоқ адамның алдында тұрған майонезден босаған пластик қалбырға тиын-тебен тастап барады. Ал ол кісі қалбырға да қарамай бар назары қолында, шұқшыңдап бірнәсе істеп отырған сыңайлы. Жақындап келгенде байқадық, оның саусақтары да жоқ екен. Жасы 70-80-де ме екен. әлде одан жастау да болар, қап-қара боп күнге күйіп кеткен жүзінен жасын долбарлап білу қиын. Сақал-шашы да өсіңкі. Біздің назар аударғанымызды байқады ма, басын көтеріп, "қызым, көмектесші" деді жалынышты үнмен. Сосын қос қолын алға созды. Саусақтары жоқ жұмырлана қисық біткен қос қолдың ортасында кәмпит. Бағанадан бері кәмпитін арши алмай отыр екен. Жанарында тіршілік жоқ секілді. Үміт те сезілмейді. Тіпті қасірет-қайғы да бұл көзге тән емес сияқты.
Күнін көшеде өткізетін, жуыну дегенді әлдеқашан ұмытқан жаннан жиркенген жоқпыз. Кәмпитін аршып беріп, ол жерден ұзай бердік.
Қаланың қым-қуыт тіршілігі тоқтамайды. Сапырылыса жөңкіген жұрт.
Қилы тағдырлар кетіп бара жатыр. Біреулер бүгінгі тапқан табысына баласын қуанту үшін тәттісін ала жүгірсе, біреулер сол тәттісін апарып берер баласы жоғын ойлап кетіп бара ма екен... Ал біреулер жол-жөнекей қайыр тілеген жанға тәтті ұсынып, қуантқысы келді ме ... Ал өмір зырлап кетіп бара жатыр.
Уақыт бір сәт те аялдамайды.

Айнұр Əкімбайқызы

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз