Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

Ұлттық аударма бюросының мамандары марапатталды

Ұлттық аударма бюросының аудармашылары мен редакторлары 30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күніне орай ҚР Мемлекеттік хатшысы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.

2017 жылы БҰҰ-ның 71-сессиясында аударма ісі мамандарының түсіністік пен бейбітшілікті нығайтуға, мәдени қарым-қатынас негізіндегі адамзат дамуына қосатын үлесі туралы арнайы қарар қабылдап, 30 қыркүйек Халықаралық аудармашылар күні деп жарияланды.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры – ауқымды аударма жобаларын жүзеге асырушы, ірі ғылыми және көркем аударма жұмыстарын үйлестіруші қоғамдық ұйым. Бюрода тәжірибелі аудармашылар, тілшілер мен әдебиетшілер ортасынан іріктелген редакторлар, алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдары, жалпы саны 300-ден аса маман жұмыс істейді. Аудармашы мамандар негізінен ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударма жасайды.

Ұлттық аударма бюросы 2017 жылдан бері бірқатар ауқымды аударма жобаларын үйлестіріп келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген 77 оқулығы түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылды.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологиялары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылды. 60 қазақстандық автордың шығармалары 5 құрлықтағы 90-нан аса елдің кітапханалары мен ғылыми орталықтарына жеткізілді.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Жоба «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асты.

Сонымен қатар, Ұлттық аударма бюросы балалар психологиясына  арналған әлемдік бестселлерлерді қазақшалап, педагог-психолог мамандардың кітапханасын да жаңа кітаптармен толықтырды. Жалпы аударма бюросында 2019 жылдан бүгінге дейін 124 атау кітап аударылып басылды.

Бюро осы салаға маманданған ірі халықаралық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатты.  

 ҚР Мемлекеттік Хатшысының алғыс хатымен марапатталған мамандар тізімі:

  • Сыбанбай Сәкен Әбдіғаппарұлы, редактор
  • Есей Жеңісұлы, редактор, ақын
  • Құранбек Әсет Абайұлы, философия ғылымдарының кандидаты
  • Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы, филология ғылымдарының кандидаты
  • Үркінбаев Серік Жолдасбайұлы, редактор, филолог
  • Үрила Кенесбаева, аудармашы
  • Тасболат Асылтай Ғалымұлы, дінтану магистрі
  • Искаков Ерлан Нұрланұлы, аудармашы, мемлекеттік саясат магистрі
  • Жолдасбаева Гүлжахан Сауқымқызы, аудармашы

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен марапатталған мамандар тізімі:

- Башбаева Зәуреш Карбозқызы, редактор

- Айтбаева Айгүлім Боранғалиқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты

- Табын Гүлзат Нұрмолдақызы, редактор, журналист

- Тәжқұран Нұргүл Ерланқызы, аудармашы,  әлеуметтік ғылымдар магистрі

- Әліш Ақпанбет Рахманұлы, редактор, ақын

- Нұрдәулет Омарбек, редактор

- Рыскиева Айымжан Әбуқызы, философия ғылымдарының кандидаты

- Бисенбаева Мөлдір Ғабитқызы, редактор

Ұлттық аударма бюросының баспасөз орталығы

174 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айтты
Келесі мақала «Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *