Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қазан, 2020

Қазақстанда бүгін – нан күні

2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан - нан күні болып белгіленді.

Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның –мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін нан - экспорттың негізгі бөлігі.

Ал 2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін және т. б. таныса алады.

Нанға қатысты құнды деректер

Нанның қасиеті: «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық,  алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады.. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.

***

-Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін - нан, отқа көміп пісірілгендерін - күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін - бәтір, қазанға пісірілгенін - қарыма, майға пісірілгенін - бауырсақ, жайма деп аталады.

- Нанның құрамында 45% көміртек болады. Нанның құрамындағы көміртек негізінен крахмалдан тұрады. Крахмал бұл - күрделі қант (полисахарид), құрамында көптеген жай қантар бар. Амилонетикалық ферменттердің әсерімен жай қантарға ыдырайды. Крахмал қамырды дайындауда суды сақтау,ал нанды пісіргенде суды байланыстыру қасиетімен ерекшеленеді.
-Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .
Иісі және түсі. Наның иісі мен түсі қолданылған шикізаттың кұрамы мен қасиетіне, қамырдың ашуына, пісуіне байланысты.

-Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды.

-Тыйым сөздер: «Нанды баспа», «Нанды төңкерме», «Нанның үстіне зат қойма», «Нан бар жерде жан бар», «Нанды бір қолыңмен үзбе» «Ас атасы- нан», «Нан жеп отырған адамды орнынан қозғауға болмайды», «Дастарханның наны жоқтың-тамағының сәні жоқ»

 ***

Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

(Материал интернет көздері арқылы әзірленді)

 

1352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз