Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қазан, 2020

Павлодарда мектеп карантинге жабылды

Коронавирус инфекциясы бастауыш сыныпта оқитын үш оқушыдан және бір мұғалімнен анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Әзірге нәтижесі шыққан жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген. Осы уақыт аралығында жеті бала мен бір мұғалімнің ауруға шалдыққаны белгілі болды.

  Әсия Жүкібаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі кезде тек бір ғана білім ошағы, яғни №34 мектеп жабылды. Қаулыға сәйкес үштен көп оқиға тіркелген жағдайда коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін аумақтық ұйым шешім қабылдайды. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Оқу үрдісі қыркүйектің 19-нан қарашаның 1-не дейін оқушылармен қатар ұстаздар үшін де тоқтатылды.


485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз