Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қазан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі әдебиеттің оқу бағдарламасына қатысты өз ойын айтты.

–Оқу  арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру қажеттігін айтты.

–Тағы бір маңызды міндет - мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің атап өтуінше, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. «Сонымен қатар, оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек. Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз