Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 28 Қазан, 2020

Каспи банкте не болып жатыр?

Бүгін, 28 қазан таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасындағы ақауларға байланысты алаңдап,  шағымданып жатыр. Шын мәнінде не жағдай болды? Тіпті арнайы желілерде «Каспи банкке кибер шабуыл жасалды» деген де ақпарат тарады. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, кибершабуылдың жасалғанын теріске шығарды.

Банктегілер мұның техникалық ақау екенін және тез уақытта ақауды жоятынын айтты.

-Өкініше қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болып жатыр! Картамен төлеу, банкоматтарда картаға ақша салу немесе оны жіберу, сондай-ақ, ақша аударымдарын жасау уақытша мүмкін болмай тұр. Біз бұл ақауды тезірек жоюға тырысып жатырмыз. Кешірім сұраймыз-, - деді Kaspi.kz өкілдері.

Айта кетейік, кейбір азаматтар шотындағы ақшаның азайғанын мәлім етіп, тағы біреулері керісінше шоттағы ақшаның көбейгенін айтып жатыр.

 

 

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз