Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 30 Қазан, 2020

Кітап оқып жүрсіз бе?

 
 

Оқудың пайдасы айқын. Алайда, интернет желісінің дамуымен сериал, фильмдер кітаптардың қолданыс аясын тарылтып жіберді. 

 

"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.

 

Кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болары сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.

 

Ал енді статистикаға көз жүгіртсек:

 

Ересек адамның оқу жылдамдығы минутына 100-200 сөз, ал есте сақтауы 50% құрайды.

 

Оқырмандардың тек 3% - ы минутына 500 сөз және 70% есте сақтау қабілетіне ие.

 

Минутына 300-400 сөз, 50-70% есте сақтау қабілетіңіз болса, бұл кішігірім жетістік.

 

Сондықтанда өзіңіздің оқу жылдамдығыңызды міндетті түрде тексеріп алыңыз.

 

"Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

 
Анар Əбдіманаптың инстаграм парақшасынан.

798 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз