Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 01 Қараша, 2020

Табысқа жетудің бірінші қадамы - бастау!

Джек Кэнфилд - америкалық жазушы, адамның тұлғалық дамуы, табысқа жетудегі мүмкіндіктері, өзін бағалай алуы тұрғысында еңбектер жазып жүрген сарапшы,  мотиватор. Бүгінде 500 миллион тиражбен əлемнің 40 тіліне аударылып таралған "Куриный бульон для души" кітабының авторларының бірі.
Джек Кэнфилд 1944 жылы Техас штатының Форт-Уэрте қалашығында дүниеге келген. Болашақ жазушының отбасы бақуатты отбасылар қатарына жатпайтын.  Джек өзінің табысқа жету сырын білімге құштарлығымен байланыстырады. Алдымен  Линси қаласындағы əскери университетте білім алған Джек Кэнфилд Гарвард университетінде Қытай тарихы бойынша бакалавр білімін алса, кейін Амхерст университетінде психология магистрі, кейін құрметті доктор атағын қорғайды.
Бүгін біз сайт оқырмандарына Джек Кэнфилдтің табысқа жету ережелерінен 10 қағидасын қазақшалап  ұсынамыз.
1. Адамды ақылды ете түсетін екі нəрсе бар. Ол  оқып жүрген кітаптары мен айналасындағы адамдар.
2. Жетістікке жету үшін бірден мінсіздікке ұмтылудың қажеті жоқ. Ең бастысы - бастау. Тəй-тəй басқан сəбилер бірден жүріп кетпейді. Қадамын үйреніскеннен кейін нық басады.
3. Дұрыс реакция деген болмайды. Тек сіздің көзқарасыңыз болады. Сол маңызды.
4. Кейде сіз жұбыңызбен, кейде жалғыз билейсіз. Бірақ маңыздысы сіздің билеуді жалғастыра бергеніңіз.
5. Өзіне сенімді адамдар сұранысы өзі қалағаннан да артық қанағаттандырылады. Не сұрайтыныңызды білсеңіз сенімділікпен, батылдықпен сұрай біліңіз. Өзіне сенімсіз, ойы екұшты адамға өзгелер де сенбейді.
6. Алда кездесетін сəтсіздікті уайымдамаңыз, ешнəрсеге талпынбай жіберіп алған мүмкіндіктеріңізді уайымдаңыз.
7. Біз əрбір күні, əрбір минутта өз таңдауымызды жасаймыз.
 
8. Біз айналамыздағы заттардың қандай екенін көрмейміз, өзіміз қандаймыз, солай ғана көреміз. 
 
9. Бақыт деген көбелек секілді. Қуған сайын жеткізбейді. Ал мəн бермей қойсақ, өзі-ақ келіп ақырын иығымызға қонады. 
 
10. Табысқа жету деген - жақсы көретін жұмысыңмен айналысу деген сөз. Басқа шаруалармен айналысуға өмір тым қысқа. 
 
Дайындаған Айнұр Əкімбайқызы

1192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз