Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қараша, 2020

Дəрігер-пульмонолог: Коронавирустан жазылып шығып, маскасыз жүргендер қауіпті

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко коронавирусты тасымалдаушыларды атады. Дəрігердің айтуынша  маска кимейтін коронавирус инфекциямен ауырып, сауығып шыққан адамдар вирустың ең қауіпті тасымалдаушылары. Себебі, науқас сауыққаннан кейін де, вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Осылайша, жазылған адамдар вирусты басқаларға таратуды жалғастыруда. «Емделген коронавирус, маскасыз жүретін адамдарды жұқтырудан құтқармайды», - деді Карабиненко. Ол емделіп шыққан адамдардың індетті «еркін және еш кедергісіз» тарататынын атап өтті.



611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз