Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 22 Қараша, 2020

Еліміздің бірқатар өңірлерінде атмосфералық ауаның ластануы байқалды

Еліміздің батыс, шығыс бөлігі және Павлодар, Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей аумағында ауа сапасының бұзылуы байқалды. Елордада да осындай жағдай. Қазгидромет өкілдерінің хабарлауынша, қаладағы 10 бақылау бекетінде арнайы сынама алынып жатыр. Оның алтауы автоматты түрде жүргізілсе, қалғанында мамандар бар. Әсіресе Тұран даңғылы бойында орналасқан №5 бекетте атмосфералық ауаның ластануы мөлшерден асып тұр. Мамандардың айтуынша, деректер әр үш сағат сайын жаңартылады.

 – Демалу қиын. Үйге кіргенде үстімізден түтіннің иісі шығып тұрады. Бұл денсаулыққа да қауіпті ғой. 

– Демалғанға қиындау. Былай үйрендік. Қашанға дейін жүретінімізді құдай біледі енді. Тезірек кетіп қалса екен.

273 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз