Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қараша, 2020

Т-72 танктері мен БМП-2 әскери  көліктері күрделі жөндеуден өтті

Биыл «Семей Инжиниринг» акционерлік қоғамы жөндеуден өткізген техниканы қалпына келтіріп, қорғаныс тапсырысын тез арада 70 пайызға орындады. Кәсіпорынның базасында Т-72 танктері мен БМП-2 әскери құрлық көліктерін күрделі жөндеуден өткізді.

 Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында бронды танктер күрделі жөндеуден өткізілді. Танктер мен әскери құрлық көліктерінің барлық функционалдық параметрлері қалпына келтіріліп, қосалқы бөлшеткері, түйіндері мен агрегаттары ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қару-жарақ пен әскери техниканы жаңа түрлерімен толықтырылып жатқанына қарамастан, танктер бұрынғыдай Қарулы Күштердің басты соққы беруші күші болып қала береді. Бұған заманауи қарулы қақтығыстарда да дәлел болады. Икемді, сенімді, атыс мүмкіндіктеріне ие және мықты бронды танктер ұрыс даласындағы өздерінің өміршеңдігі мен қуатын дәлелдеді.

«Семей Инжиниринг» АҚ кәсіпорны барлық бронды танк техникаларын күрделі жөндеуді және жаңартуды жүзеге асырып жатқанын айта кеткен жөн.

 

 

 

528 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз