Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 26 Қараша, 2020

Психолог: "Бала ата-ананың ақылын тыңдамайды..."

 

Ата-ана сценарийі дегеніміз не? Ол біздің өмірімізде қалай көрініс табады? Бүгін сайт оқырмандарына психолог маман Анар Есен осы төңіректе әңгімелейді. 

Біз ата-ана ретінде баламыз табысты, жетілген тұлға болса дейміз. Тәрбиелеуде мүмкіндігінше  ақыл-кеңес беріп, дамытушы құралдар қолдануға тырысамыз. Бірақ бала біздің айтқанымызды емес, істегенімізді қайталайтынын ұмыт қалдырып жатамыз. Біз іс- әрекетіміз, эмоцияларымыз, өзара қарым-қатынасымыз арқылы баланың тек тұлғасын ғана емес, өмірлік сценарийін құрып жатқанымызды байқамаймыз. Яғни, бала отбасы тәрбиесінен рухани азық, құндылықтар, пайдалы дағдыларды ғана емес, жағымсыз дүниелер де алуы мүмкін.

Ол сіздің талмай айтқан ақыл-кеңестеріңізді емес, бәрібір істегеніңізді, әдеттеріңіз бен қылықтарыңызды бейсаналы түрде қайталайды. Бұл дұрыс емес дүние болса да, олар үшін қалыпты болып табылады. Міне ата-ана сценарийі дегеніміз- осы. Ал сценарий бала есейіп өз отбасын құрғанда  оның өмірінен автоматты түрде көрініс табады.

Бүгінгі біз жіберетін қателіктер баланың мінез-құлқы болып қалана береді. Сіз оны кейін жөндеп алармын деп жүргенде, ол нәрсе бала санасында берік қаланып та кетеді. Балаңызға бар жақсылықты жасағыңыз келгенмен, оған жасайтын теріс әрекеттеріңізді түсініп тұрсаңыз да, қайталай беруіңіздің бір себебі осы болуы мүмкін.

Егер сізге де өз ата-анаңыздан алған жағымсыз сценарий өміріңізге кері әсерін тигізіп жүрген болса, оны өзгертуіңіз керек.

Ол үшін ең алдымен өміріңізде осындай дүниелердің бар екендігін мойындау, өзгеруге деген талпыныстың болуы маңызды. Одан кейін жан дүниеңізбен жұмыс жасап, өзіңізді реттеудің арнайы әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет. Осылар арқылы ата-ана сценарийінің дағдарыстарынан шығып, толыққанды  дами аласыз.

Сіз ата-ана ретінде өз проблемаңыздың шешімін таппай, балаларға оларды шешудің жолдарын үйрете алмайсыз.

Бұл туралы ойланып көрдіңіз бе? Өзіңізден ата-ана сценарийін байқадыңыз ба? 

2387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз