Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 05 Желтоқсан, 2020

Құран қарайған жүректі тазартады

Бір кісі Құранды жаттай алмаса да, оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы:

- Əке, не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз?- деп сұрапты. Сонда əкесі:

- Ұлым, көмір таситын себетті алып, су алып кел,- деді. Ұлы таң қалып, " бұл мүмкін емес қой" деді.

- Амалдап болса да су алып кел,- деді əкесі.

Бала арықтан су толтырып алды да, жүгіргенше əкесінің алдына келді, бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су əкеле алмаған ұлы:

- Əке, айттым ғой, мұның сірə амалы жоқ. Себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, -деді.

Əкесі:

- Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба? - деп сұрады.

- Ия əке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатын, су құя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұл.

- Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен..

536 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз