Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 01 Қаңтар, 2021

Əр жаңа күн - жаңа мүмкіндік

 

Жан-жақта жарияланып жатқан жылдық есептер, жетістіктер тізімі, жаңа мақсаттар, алға жоспарлар сияқты жазбалардан көз сүрінеді. 

Соның бәрін көріп алып, сіз ғана ешнәрсеге жетпеген сияқты болып отырсаңыз, еш уайымдамаңыз.

Жаңа жыл мерекесінің көпшілік байқай бермейтін екінші жағы да бар. Ол -  психологиялық астарында стрестің болуы. Әр адамның, отбасының жағдайы әртүрлі. Мереке жан-дүниенің жалғыздығын, өз әрекеттеріңе баға беруді әдеттегіден артық еселейді. Бұл ішкі қысымға, стреске, өзіңді қандай да әрекеттерге мәжбүрлеуге ықпал етеді. Құдды бір жарыс айналымына түсуге міндетті сияқтысың. Біреулер жеткен жетістіктерін тізбелесе, өзгелері орындалмаған мақсаттары мен сәтсіздіктерін салыстырып өздерін кінәлап, көңілі толмауы беки түседі.

Ішкі критик өзіңді өзгелерден кем сезінуге, өзіңе сенімділікті төмендетіп, көңіл толмау ұлғаюы ықтимал.

Алайда қоғамдық нормаға сәйкес болу үшін ғана өзіңді мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

Негізінде жан-дүниенің жаңаруына, рухани кемелденуге, өмірлік өзгерістерге жаңа жылдың еш қатысы жоқ. Күнтізбе ауысатындықтан алдағы уақытқа жоспарлардың мерзімдері, мақсаттарыңызға сәйкес приоритеттеріңіздің орны өзгермесе басқа сырттан келетін ықпал жоқ. Демек, өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізу əрқашан өз қолыңызда екендігін көрсетеді.

Жаңа жыл- әдеттегі күнтізбедегі көп мейрамдардың бірі, мерекелік кеш.

Мереке - бұл жан-дүниенің көтеріңкі көңіл-күйі, жақындарымен жақын араласудан туындайтын жылы сезім, кездесулерге, сыйлықтарға себепкер дүние. Өміріңіздің, жан-дүниеңіздің әр күнін, әр сәтін бағаласаңыз, құнды көрсеңіз онда мұндай мереке сіздің өміріңізде күн сайын орын алуға мүмкіндік бар.
Сондықтан еңсеңізді түсірмеңіз. Əр жаңа күн - жаңа мүмкіндік. Өзгеріске ешқашан кеш емес. 

 
Анар Есен
психолог 
 
anar_yessen инстаграм парақшасынан

1904 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз