Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 10 Қаңтар, 2021

Талғат Теменов: Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты

Парламенті сайлауына қатысты пікір білдірген кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

-ХХІ ғасырдың 21-жылындағы сайлауға АҚШ-тан келген немеремді ертіп бардым. Ол АҚШ-тағы сайлауды көрген, бірақ Қазақстандағы сайлау барысымен таныс емес еді. Сондықтан оны көрсін, білсін деген мақсатта апардым. Біз барған № 141 сайлау учаскесінде карантин талаптары толық сақталған. Ұйымдастырушылар алдымен келушілердің дене қызуын өлшеп, барлық қажетті сақтық шараларын жасап жатыр. Ел ерге, ер елге сенім артқан уақытта үкілі үміт артып таңдау жасадым. Өйткені болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты. Сондықтан жеріміз, тіліміз, діліміз үшін дауыс бердім, - деді Талғат Теменов.

206 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Белгілі қазақ композиторы үйінде дауыс берді
Келесі мақала Біздің Жөкең...  

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *