Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2021

Nur Otan» – 76, «Ақ жол»–12, ҚХП партиясы 10 мандатқа ие болды

-"Бүгін біз елде соңғы үш айға созылған сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Президент Жарлығының орындалуын қамтасыз етті. Сайлаудың соңғы қорытындылары шығарылды". Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті.

-Баршаңызды осы маңызды мемлекеттік және саяси оқиғамен құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырушыларға орындаған жұмысы үшін, халықаралық әрі ұлттық байқаушылардың сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін, ал сайлаушылардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтамын», - деді ОСК төрағасы.

Сонымен Қазақстан Халық партиясына 659 019 (9,10 пайыз), «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), «ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.

 ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 үміткер мәжіліске барады.

395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз