Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2021

Президент жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. 

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы
 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар

                         № 489

458 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз