Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 18 Ақпан, 2021

Баланы кішкентайынан айыптап жазалап өсіру салдары

Бала тірбиесіне қатысты мына үш ұғымның орны ерекше:  

1. Әке

2. Ана

3. Бала. 

Әке ол – қатал, қатыгез, қателік үшін жазалаушы және өз мұрасын аманатқа ететін перзент тәрбиелеуші. 

 Ана ол – махаббат. Яғни, баласы қанша жерден қателесіп жатса да басынан сипап, кешіріммен қарап, жұбатып отырады. Себебі бауыр еті үшін барлық қателіктерді кешуріге дайын. 

Бала ол – тек қателесуші. Себебі бала бәрін біліп тумайды. Ол өскен сайын тек үйренеді. Бірдеңені үйренгенде бала қателеспей тұрмайды.

Бала кішкентайынан ата-анасының нұсқауымен іс - әрекет етеді. Егер, бала қателессе әкесі сөгіп, жазалайды. 

Ал, анасы оны кешіріп, жұбатады. 

Уақыт өте бала ержетіп, ата-анасынан бөлініп шығады. 

Бірақ, ата-анасынан бөлінгенімен санасында тұра береді. 

Енді, ол үш түрлі күйде болады. Бала болып қателеседі, әке болып өзін сөгеді, анасы болып өзін жұбатады. 

Егер, кішкентайынан ата-анасы тек айыптап, жазалап өсіретін болса, онда баланың санасында өзін кешіру, жұбату функциясы жоқ болады деген сөз. 

Осыдан кейін адам біреудің алдында айыпты болып, ол адам оны кешірсе де өзін кешіре алмайтын адамға айналады. Қоғамда өзін кешіре алмайтын жандар көп кездесіп жатады. 

Мұның ең қауіптісі, кейін өзі де отбасын құрып, бала-шағалы болғанда балаларын кешіріммен қарай алмайтын болады. Мұндай типтегі тәрбие атадан балаға беріліп, уақыт өте қоғамдық дәстүрге айналады. Патриархат қоғам осылай басталады.  

 

Амангелді Мейрамбекұлы

психолог 

 

1106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз