Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Ақпан, 2021

АҚШ-тағы қарлы боран салдарынан 21 адам мерт болды

АҚШ-тың оңтүстігіндегі қарлы боран салдарынан 21 адам мерт болды, миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бәрінен Техас штаты қатты зардап шекті, ондағы энергожүйе тұтыну көлемінің бірден өскенін көтере алмайды.

АҚШ-тың оңтүстік аймағы үшін ерекше болған ауа райы салдарынан Техас, Луизиана, Кентукки, Солтүстік Каролина және Миссури штаттарының біршама тұрғындары қаза тапты.

АҚШ-тың оңтүстік өңірлеріндегі рекордтық суық температура әлі бірнеше күн жалғасады деген болжам бар. Қазір Америка аумағының 71%-дан астамын қар басып жатыр.

1205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз