Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Ақпан, 2021

Министрлік коронавирусқа қатысты статистика жариялады

Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 137
  • Алматы қаласы — 105
  • Шымкент қаласы — 12
  • Ақмола облысы — 70
  • Ақтөбе облысы — 12
  • Алматы облысы — 64
  • Атырау облысы — 39
  • Шығыс Қазақстан облысы — 48
  • Жамбыл облысы — 20
  • Батыс Қазақстан облысы — 66
  • Қарағанды облысы — 40
  • Қостанай облысы — 64
  • Қызылорда облысы — 6
  • Маңғыстау облысы — 5
  • Павлодар облысы — 79
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 30
  • Түркістан облысы — 9

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 212 018.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі.  

7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:

цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы 30%-ке дейін;

спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ке дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ке дейін, 50 адамнан артық емес).

7 күн бойы «сары аймақта» болған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

299 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз