Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 08 Наурыз, 2021

Президент ардагер ұстазын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үштөбедегі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барып, ардагер ұстаз, К.Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының қорғаншылық кеңесінің төрайымы Валентина Спиридоноваға жеткізді.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сізге құттықтау хатын жолдап, өз атынан 8 наурыз мерекесімен құттықтауымды тапсырды. Сізді көктемнің керемет мерекесі қарсаңында көргеніме және құттықтауды өзіңізге жеткізіп отырғаныма қуаныштымын», - деген А. Баталов құттықтау хаттың мәтінін оқып берді.

«Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Осы бір көктемнің көрікті де шуақты күнінде қайырымдылығыңыз, түсіністігіңіз және жемісті еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрбір атқан таң Сізге және сіздің жақындарыңызға мейірім, сүйіспеншілік пен жан жылуын сыйласын. Сізге Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!», - делінген құттықтауда.

Өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылық білдірген білім саласының ардагері Валентина Спиридонова: «Уақытының тығыз болғанына қарамастан, ұстазын, туған мектебін ұмытпайтын Қазақстан Республикасының Президентіне зор алғысымды айтамын. Мен бүкіл өмірін жастарды тәрбиелеуге арнаған ауыл мұғалімімін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мені ұмытпағанына қуаныштымын. Адамгершілік тұрғысынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін», - деді, сонымен қатар облыс басшылығына да алғысын айтып, Жетісу өңірінің өсіп-өркенуіне тілектестігін білдірді.

Валентина Григорьевна қор жұмысы жайлы да айтып берді. Оның айтуынша, қор 50 балаға отандық және шетелдік жоғары білім орындарында оқулары үшін грант бөлген, оқу озаттары ай сайын стипендия алып тұрады. Мектептің бірінші сынып оқушылары жыл сайын қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қор көп балалы және аз қамтылған отбасылары үнемі қолдау көрсетеді. Мәселен, індет кезінде қор қаржысы есебінен мектеп оқушыларына қашықтан оқулары үшін 50 смартфон сатып алып берілген. Сонымен қатар қор Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, соғыс ұрпақтарын естен шығармай, оларға да қажетті көмектерін көрсетіп тұрады. Тағы бір атап өтерлігі, мектеп аумағында аудан жастарын жаңа және қажетті мамандықтарға оқытатын 100 орындық колледж бен 30 орындық жатақхана салынады.

Спиридонова Валентина Григорьевна білім беру саласында 1963 жылдан бері еңбек етеді. 1995-2009 жылдары Кемел Тоқаев атындағы мектептің директоры болды. 2009 жылдан бастап Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады. Кәсіби жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі», «ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин», «Алтын барыс» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Шапағат» медалімен және басқа да бірқатар мерекелік медельдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.


 

 

 

857 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз