Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Сәуір, 2021

Бөлме өсімдіктерін қалай күту қажет?

Сұлулықтың символы гүл екені бәрімізге белгілі. Әсіресе, жайнап тұрған гүлдер кез-келген адамды жадыратып, көңіл-күйіне бір жайлылық сыйлайды. Әрине, егер гүліңізді күнделікті суарып, күтімін жасап, жақсы нәрселермен қоректендіріп тұрсаңыз ғана.  Ал оның ешқандай қиындығы жоқ.  Мүмкін сіздің үйіңізде де қыш құмырада өсетін бөлме өсімдіктері бар шығар? Оны қалай күтесіз? Ал мен сол бөлме өсімдіктері ауырмай өсу үшін ешқандай қоспасыз жасалатын қарапайым әдістермен бөліскім келеді.

1.Қыз бен гүл егіз ұғым. Олай дейтініміз, гүлдер де қыздар сияқты тәттіні жақсы көреді екен. Бөлме гүлдерін қоректендіруге арналған ең танымал табиғи тыңайтқыш кәдімгі қант. Бір шай қасық қантты суғарудан алдын, өсімдіктің түбіне сеуіп оны суғару қажет. Немесе 1стақан суға 2 шай қасық шекер салып, жақсылап араластырып, гүлдің түбіне құю қажет. Мұндай қоректендіруден кейін өсімдіктер топырақтан қажетті элементтерді молынан бойына сіңіріп, жақсы тыныс алады екен.

2. Күнделікті тісімізді тазартуға арналған тіс пастасының қыр-сырлары өте көп екен. Мәселен, кейбіреулер оны денеңіздің бір жері күйіп қалса, пастаны жағып қояды екен. Ал екінші қасиеті ол тіпті бөлме өсімдіктерінің жайқалуына үлес қосады. Ол топырақтың қышқылын азайтып қана қоймай, зең мен саңырауқұлақтарға қарсы алдын алу әсерін береді екен. Сол арқылы гүлдеріңіздің жайқалып өсуіне септігін тигізеді.

3.Кейбір гүлдер крахмалды да жақсы көреді екен. Ал крахмал бізде картоп сорпасында болатыны белгілі. Сол себепті картоп қайнатқан суды төгіп тастамай, оны суытып қоя тұру қажет.  Кейін бөлме өсімдіктерін суарып шықса болады. Мұндай қоректендіру өсімдіктердің жақсы өсіп-өнуіне және көбеюіне әсер етеді.

4.Ал, сіз кофе қалдығын керегіңізге жаратасыз ба? Қою етіп демдетілген кофені ішкеннен кейін оның ішін сумен шайып, гүл түбіне құю қажет. Сол суды бойына сіңірген  бөлме өсімдіктері азотты жақсы сіңіріп, жақсы тыныс алуына әсер етеді. Тіпті, ауаға жағымды хош иіс таратады.

5.Ең қызығы, гүлдерді банан қалдықтарымен де қоректендіріп тұру қажет екен. Ол әдістің енгеніне шамамен 10 жылдай уақыт болыпты. Алайда нәтижесі өте жақсы. Банан қабықтарын ұсақтап турап, кептіріп алу қажет. Кепкен түйіршіктерді гүлдерді отырғызу барысында немесе топырағын ауыстырғанда қабаттап себеді. Бұл әдіс әсіресе гүл ашатын бөлме өсімдіктері үшін өте пайдалы.

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

«Тұран» университетінің студенті

2297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз