Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 06 Сәуір, 2021

Қазақстан мен Иран арасында тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды

Ирандық әуе компания Горган мен Ақтау қалаларына айына бір рет жолаушы тасымалдайды. Алғашқы рейс Қазақстанға бірінші сәуірде ұшып келген. Алдағы уақытта оның жиілігін арттыру жоспарлануда.

Қос қала арасында экономикалық қарым-қатынас тығыз. Азық-түлік пен ауыл шаруашылық өнімдері, құрылыс материалдары тасымалданады. Енді әуе рейсі арқылы бұл қатынас одан сайын жаңғыртылады деген үміт бар.

Айта кетейік, Иранның Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерімен сауда-саттығы бір жылда 2 млрд-қа жуық долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 10 пайызға аз. Ал соңғы 11 айда Иран одақ елдеріне 2,4 млн тонна тауар экспорттаған.

632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз