Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 11 Сәуір, 2021

Жалғыздықтан қорықпаңыз

Жалғыздық - бақыт жолындағы ең маңызды жау. Бұл бізгдің өмір жолымызда жиі кездесетін кедергілердің бірі. Алайда, "жалғыз болу"  және " жалғыздық" бірдей емес.

Кейде айналамызда достарымыз, туыстарымыз немесе жақын жандарымыз болса да өзімізді жалғыз сезінеміз. Яғни, біздің ішкі жан дүниемізді түсінетін жандардың болмауының әсерінен. Ал кей кезде кейбір жандар өзінің тұйық мінезінен жалғыздықты жандары сүйеді. Психологтардың айтуынша жалғыздық бұл үлкен дерттердің бірі. Адам оңаша қалған сәтте күйзеліске түсіп, оның миы рефлексті түрде барлық жаман жағдайларды еске түсіре бастайды. Сондықтан да жалғыз қалу кей кезде біздің өмірімізге кері әсерін тигізеді. Біз сіздерге өзіңізді жалғыз сезінбеудің бірнеше тәсілдерін ұсынамыз.

 

1. Басқаларға көмектесіңіз

Достарыңызбен бірге романтикалық кешкі асқа жиі барып тұруға тырысыңыз. Қайырымдылық әрқашан бақыт гормонын шақырғандықтан,  балалар үйіне қайырымдылық сапарға қосылыңыз немесе мұқтаж жандарға көмек қолын созыңыз.  Сізге біреу керек екенін сезіну біз үшін өте пайдалы. Жақын адамдарыңызға сіз үшін қандай қымбат екенін жиі айтып отырыңыз, осы арқылы сіз өзгелерге қуаныш сыйлайсыз.

Бақытқа жету үшін қолдау алу ғана емес, оны қамтамасыз ету де маңызды.

 

2. Адамдармен жақсы қарым қатынас

Біздің өміріміз жалпы айналамыздағы адамдармен қарым қатынастан тұрады.  Қай жерде болмасын көркем мінез танытып, ашық болыңыз. Өз ортаңызда белсенділік танытып, достарыңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Әр түрлі тренингтерге, дебат және пікірталас ойындарға қатысып, өзіңізді жаңа қырынан көрсетіңіз.

 

3. Жеткілікті ұйықтаңыз

Ұйқының бұзылуы - бұл дене симптомы, ол бізді жалғыздыққа батырады. Ұзақ уақыт ұйықтай алмау, түнде жиі ояну, ал күндіз ұйқы күйінен құтыла алмайсыз ба? Бұндай жағдайда сіз дұрыс режим қоюыңыз қажет. Ұйқының созылмалы жетіспеушілігі басқа адамдармен байланыс орнатуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар иммунитетті қатты бұзатын жаман көңіл-күйдің себебі болады.

Жалғыздықтың көптеген себептері мен түрлері бар. Егер маған бақытты өмірдің басты кілтін атауды сұраса, мен ойланбастан  жанұямның қолдауы және айналадағы адамдармен берік байланыс деп жауап берер едім.

Мунира АМИРОВА

Тұран уневерситетінің студенті

 

2188 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз