Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Сәуір, 2021

Алматы облысының тұрғындары малдарына жайылым іздеп сабылып жүр

Алматы облысындағы Жамбыл ауылының тұрғындары малдарын көлікке тиеп, жайылым іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ауылда мал бағатын жер жоқ деген Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы көрші ауылға мал жаю үшін оны әупірімдеп көлікке тиеп, жіберіп жатыр. Көлік иесі әрбір мал басына 2 мың теңгеден алады. Ауыл халқы үшін бұл қып-қызыл шығын. Тіпті мал алысқа барып жайылса, оған төленетін төлем де көбейеді.

"Жұрттың малдарын тиеп, жайылымға апарамын. Рейсіне 20-25 мыңнан аламын. Ауылдың кісілерінен көп алмаймын. Әйтпесе ол 60-70 шақырымдық жер", - деді Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Әжен Ахунжан.

Әкімдіктің мәліметінше, Жамбыл ауылы бойынша 850 бас ірі қара, 2,5 мың қой, 200-ден аса жылқы бар. Ал жайылымдық мың жарым гектарға жуық. «Бірақ мал басының өсуіне байланысты жер жетпей жатыр. Мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», - дейді олар.


 

 

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз