Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2021

Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-дағы өрт орнына аттанды

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласы маңындағы өрт аумағынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар эвакуциялық пунктерге орналастырылып жатыр.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Риддер қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (72336) 42941;8 777 991 32.

Эвакуациялық пункттер келесі мекен-жайлар бойынша ұйымдастырылды:

1. Риддер агротехникалық колледжі Тел.: 8 705 762 8065 Мекенжайы: Абай Көшесі, 65

2. «Қазцинк» профилакторий амбулаторлық орталығы базасындағы қонақ үй.

ел.: 8 771 305 18 53; мекенжайы: Гоголь к., 55а.», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ҚазАқпарат тілшісіне өрттің беті әлі қайтпағанын айтты.

«Өрт әлі басылған жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков ұшып шықты», - деді Талғат Уәли.

Қазіргі таңда Риддер қаласының әкімі өрттен қауіптеніп баспанасын тастап шыққан тұрғындардың санын анықтап жатыр.

 

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз