Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 15 Мамыр, 2021

Бала тұлғасын қалыптастырудың ең оңай жолы

Баласының келешегіне шын алаңдайтын, болашағына бей-жай қарамайтын қамқор ата-аналар көп.

Баланы тұлға етіп тәрбиелеймін деп іздену, білім алу әрине дұрыс-ақ.

Бірақ ізденемін деп психология туралы дәлелсіз, шала ақпараттарды оқып алып, мен дұрыс тәрбие бермей жатыр екенмін, нашар анамын деп өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ.

Мен сізге айтайын, баланы тұлға етіп тәрбиелеудің ең тиімді жолы- оны қандай бар, сол күйі қабылдап, ешқандай шартсыз жақсы көру. Ішкі қажеттіліктерін уақытында толықтыру. Одан кейін ғана жақсы әдеттерге, өмірлік қажетті дағдыларға үйретуге болады.

Негізінен әр бала туылғаннан тұлға. Оның қалыптасуына ешкім зиянын тигізбесе өздігінен дұрыс тұлға бола алады. Біз өзіміз баланың табиғатын бұзып, тұлға болып қалыптасуына кері әсерімізді тигізіп жатамыз.

Біздің міндетіміз баланың қалыптасуына кедергі келтірмей жәй ғана жақсы көріп және дұрыс ата-ананың үлгісін көрсету.

Сондықтан қалай тұлға тәрбиелеймін деп ақпаратты іздеумен қатар, бір сәт тоқтап, балаңызға қараңыз. Оған дәл қазір не қажет, не жетіспейді білуге тырысыңыз. Мүмкін оған “жетістікке жеткен, табысты (успешная) мама” емес, өзін жақсы көретін, оған көңіл бөлетін ана керек шығар.

Табыс табамын, басқалардан бақытты болудың дайын формуласын үйренемін деп жүргенде балаңызға махабатыңызды көбірек беретін уақытты өткізіп алмаңыз. Өйткені махаббат - баланың өз уақытында алу керек ең маңызды қажеттілігі.

Оны қазір бермесеңіз, тұлға емес, болашақ “құрбан”тәрбиелеп жатырмын деп санай беріңіз.

Балаңызды шартсыз жақсы көре алатыныңызға сенімді болсаңыз, қажетінше махаббатымды беріп жатырмын деп санасаңыз әрі қарай білім алып, балаға дұрыс өмірлік дағдыларды үйрету үшін ізденуге әбден болады.

⠀Бұл туралы ойландыңыз ба? Балаңызға жеткілікті махаббатыңызды беріп жатырмын деп санайсыз ба?

 

Анар Есен

психолог

 

2067 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз