Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Қазан, 2021

Елордада күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды. 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушылары - «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің үздік тәрбиеленушілері қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Елордалық филиалы ұйымдастырған іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Әдеттегідей әскери бөлімдер базасында кезектесіп жүргізілетін жарыстар бұл жолы қаламыздағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өтуде.

Іс-шара барысында жас өрендерге нағыз әскери өмірдің қыр-сыры таныстырылып, патриоттық тәрбие беруге бағытталған жарыстар ұйымдастырылуда.

Әскери-патриоттық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 5573 әскери бөлімінің әскери ансамблі ұйымдастырған концертке ұласты. Оқушыларға әскери қару-жарақтар мен техниканың түрлері, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі мен орындайтын тапсырмалары, қолма-қол ұрыс пен жекпе-жек тәсілдері көрсетілді.

Жас сарбаздар командалары белтемірге тартылу, автоматты бөлшектеу, химиялық қарудан қорғаныш костюмін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтивтерді орындаудан жарыстарда күш сынасуда.

«Әскери-патриоттық ойындар тәрбиеленушілеріміз үшін күзгі мезгілдегі әскери қолданбалы спорттық жарыстардың ішіндегі асыға күтетін және үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталатын ерекше платформа болып есептеледі. Жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдер Республикалық VII «Айбын» әскери-патриоттық жиындарында елордамыздың намысын қорғайды», - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

«Іс-шаралар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуде. Бүгінгі жарыстағы жасөспірімдер – ертең ел тыныштығын қорғайтын азаматтар. Осы себепті әскери-патриоттық тәлім-тірбие берудің әрқашанда жастар тәрбиесінде алар орны зор!» - деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Мұрат Берекполов.

950 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз