Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қазан, 2021

Алматыда тұрмыстық қалдықтардың үлкен үйіндісін анықталды

Алматы полициясы өндірістік нысандар аумағында екі ірі қоқыс үйіндісін анықтады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше,экологиялық полиция қызметкерлері рейд барысында Жетісу ауданындағы ЖШС бірінің аумағынан құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардың үлкен үйіндісін анықтады. «Бұл факті бойынша, ұйымның директорына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша құқық бұзушылық туралы әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, ЖШС басшылығынан анықталған бұзушылықтарды тез арада жою туралы кепілдік хат алынды», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Дәулетяров. Осындай заңсыз қоқыс үйіндісін тәртіп сақшылары Алматы қаласының Әуезов ауданы аумағынан да әшкереледі. «Біздің бөлімше мен әкімдіктің экология бөлімінің қызметкерлері «Ақсай» ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативінде абаттандыру ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның төрағасы әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері 30 АЕК», – деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазақпарат

515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз