Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қазан, 2021

Тоқаев әр өңірде халықтар достығына арналған саябақ ашуды ұсынды

Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақтар ашуға болады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бізде орман-тоғай аз. Белгілі нәрсе. Сол себепті мен еліміз бойынша 2 млрд тал егу туралы бастама көтердім. Бұған қоса, елді мекендерге 15 млн көшет отырғызу қажеттігін айттым. Ассамблеяның белсенді жастары осы идеяны жүзеге асыруға атсалысады деп сенемін. Әрбір өңірде халықтар достығына арналған саябақтар ашуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүкіл әлемге өзімізді табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, болашақ ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы болуына жағдай жасайтын ұлт ретінде танытуымыз қажет.

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз