Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қазан, 2021

Мемлекет басшысы ҚХА-ның патриоттық идеологиядағы рөліне тоқталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның патриоттық идеологиядағы рөліне тоқталды.

«Бүгінде ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар. Ол өз қызметінде қазақстандықтарды елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған жаңа тәсілдер мен стандарттарды енгізеді. Ассамблея әрқашан мемлекеттік тілді насихаттауға және оның Қазақстандағы мәртебесін нығайтуға көп көңіл бөлді. Бұл үшін біз ҚХА-ға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек. Азаматтық белсенділіктің қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, меценаттық, медиация сияқты жаңа нысандары әдеттегі тәжірибеге айналды», - деді Президент ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, әлемдік тәжірибе этникалық фактор, ұлтаралық қатынастар әлі күнге дейін түрлі қақтығыстардың тұтандырғыш оттығы болып отырғанын көрсеткен.

«Оның деструктивті әлеуеті ақпараттық және гибридтік соғыстардың қазіргі заманында, популистік мәлімдемелер мен алыпсатарлықтың жиілеп кеткен кезеңінде күшейе түсті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз